Жаңалықтар

Қазақстанда бала туу көрсеткіші артты

Фото: shutterstock

Қазақстанда медициналық-демографиялық көрсеткіштер жақсарып келеді. Мұны Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрлік бұл ретте Ұлттық статистика бюросының мәліметтерін келтіреді. 2026 жылдың қаңтар айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда:

  • туу көрсеткіші 1,8%-ға артты (14,49-дан 14,75-ке дейін);
  • жалпы өлім 8,4%-ға төмендеді (6,2-ден 5,68-ге дейін);
  • нәресте өлімі 28,5%-ға азайды (6,66-дан 4,76-ға дейін).

Сондай-ақ 2026 жылдың алғашқы екі айында ана өлімі 49,4%-ға төмендеп, 100 мың тірі туған балаға шаққанда 16,2-ден 8,2-ге дейін азайған.

Министрлік дерегінше, өлім-жітімнің негізгі себептері бойынша да төмендеу байқалады.

Өлімнің төмендегідей негізгі себептері азайған.

  • қанайналым жүйесі аурулары – 13,9 пайыз;
  • жедел миокард инфаркты – 6,5 пайыз;
  • инсульт – 7,8 пайыз;
  • қатерлі ісіктер – 7,4 пайыз;
  • жазатайым оқиғалар, жарақаттар мен улану – 2,3 пайыз;
  • тыныс алу жүйесі аурулары – 18,7 пайыз.

Ведомство бұл нәтижелерді денсаулық сақтау жүйесін дамыту, профилактикалық шараларды күшейту және медициналық көмек қолжетімділігінің арттырумен байланыстырады.

Айта кетейік, Маңғыстау облысында референдум күні көпбалалы отбасында тоғызыншы сәби дүниеге келді. Балаға Атазаң деп ат қойған.