Жаңалықтар

900 мыңға жуық азаматқа шетелге шығуға шектеу қойылған

Фото: kursiv.media мұрағаты

Қазақстандағы Оперативтік-іздестіру қызметінің Автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі мәлімет бойынша 887 144 адамға ел аумағынан шығуға тыйым салынған.

Елде мұндай шектеулердің саны артып келеді. Ал борышкерлердің ішінде ең үлкен үлесті алимент бойынша берешегі бар азаматтар құрайды.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдарда берешек өтелгеннен кейін шектеулерді автоматты түрде алып тастау тетігін енгізу мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл шара міндеттемелерді орындау жүйесінің тиімділігін арттыруға және әкімшілік жүктемені азайтуға бағытталған.

Айта кетейік, жақында мемлекеттік айыптаушы Айжан Аймағанова Астанада әйелдерге ажырасу, мүлікті бөлу, алимент өндіруге қатысты кеңестер берген еді.

Бұдан бұрын Қостанай облысында алимент төлеуден жалтарып жүрген ер азамат сот орындаушысына шабуылдағанын жазғанбыз.