
Қазақстанда көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін 1,8 мыңнан астам шетел азаматы елден шығарылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі NEGE басылымына хабарлады.
Ведомство мәліметінше, ережелерді көбіне жақын шетел – Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Түркіменстан және Украина азаматтары бұзады.
Алыс шетелден келген шетелдіктердің арасында Түркия, Қытай, Үндістан және Ауғанстан азаматтары әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Бұған дейін желіде ер адамның (болжам бойынша Қытай азаматы) Астана орталығында әдепсіз әрекетке барғаны (кіші дәретке отырғаны) түсірілген бейнежазба тараған болатын. Кейінірек бұл құқық бұзушылыққа 35 және 49 жастағы екі шетелдіктің қатысы бар екені анықталды. Алайда олар ұсталғанға дейін елден шығып үлгерген. Олардың Қазақстанға келуіне бес жылға тыйым салынды.