
Сиви Махмуди жас күнінде Алмас Кішкенбаевқа ғашық болғанын, қыз бен жігіт борып жүргенін айтып берді.
Massaget ақпаратынша, Kezdesu-дің қонағы Сиви Махмуди балалық махаббаты туралы әңгімелеген.
Сиви Махмудидің айтуынша, бұл оқиға «Суперстар» бағдарламасына Алмас Кішкенбаев қатысқан кезде болған.
«Ол кезде ол 17-18-де болды. Мен 15-те болдым. Құрбымнан Алмастың нөмірін берші, танысайыншы деп сұрадым. Өзім жазамын. Ол кезде бөпемін. Мектепте оқимын. Алмастың суретін шығарып, фотошоппен екеумізді қосып, бөлмеге іліп қойғанмын», – дейді әнші.
Сиви Махмуди сөйлесіп жүріп, кездесе бастағанын, дос болып араласқанын айтты.
«Бала махаббат болды. Алмаспен жүрдік. Бірақ қол ұстасып та көрмегенмін. Біріншіден, тәрбие. Екіншіден, Алмасқа да рахмет айтамын. Қолымнан да ұстамаған», – деді Сиви Махмуди.
Айта кететін жайт, Сиви Махмудидің бұрынғы күйеуі 5 жылға сотталған еді.