Түркістанда көкпардан әлем чемпионаты басталды: Қазақстан кіммен ойнайды
Жарияланды

Түркістан қаласында көкпарсүйер қауым тағатсыз күткен айтулы дода Көкпардан әлем чемпионаты жалауын желбіретті. Биылғы додаға жалпы саны 9 команда қатысып жатыр.
Топтардың құрамы
Жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша командалар екі топқа бөлінді:
- А тобы: Түркия, Қазақстан, ҚХР (Қытай), Тәжікстан, Өзбекстан.
- В тобы: Ресей, Мажарстан (Венгрия), Ауғанстан, Моңғолия.
Топтық кезеңнің алғашқы күні, 17-наурызда келесідей тартысты кездесулер өтеді:
- 12:00 ҚХР – Өзбекстан
- 13:00 Ресей – Моңғолия
- 14:00 Қазақстан – Тәжікстан
- 15:00 Мажарстан – Ауғанстан
- 16:00 Түркия – Өзбекстан
Барлық ойындарды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін қатысады деп жоспарланған Қырғызстан, Әзербайжан және Пәкістан құрамалары түрлі себептермен бұл чемпионатқа келмеді.