Жаңалықтар

Түркістанда көкпардан әлем чемпионаты басталды: Қазақстан кіммен ойнайды

Түркістанда Көкпардан Әлем чемпионаты басталды / фото: shutterstock

Түркістан қаласында көкпарсүйер қауым тағатсыз күткен айтулы дода Көкпардан әлем чемпионаты жалауын желбіретті. Биылғы додаға жалпы саны 9 команда қатысып жатыр.

Топтардың құрамы

Жеребе тарту рәсімінің қорытындысы бойынша командалар екі топқа бөлінді:

  • А тобы: Түркия, Қазақстан, ҚХР (Қытай), Тәжікстан, Өзбекстан.
  • В тобы: Ресей, Мажарстан (Венгрия), Ауғанстан, Моңғолия.

Топтық кезеңнің алғашқы күні, 17-наурызда келесідей тартысты кездесулер өтеді:

  • 12:00 ҚХР – Өзбекстан
  • 13:00 Ресей – Моңғолия
  • 14:00 Қазақстан – Тәжікстан
  • 15:00 Мажарстан – Ауғанстан
  • 16:00 Түркия – Өзбекстан

Барлық ойындарды Qazsport телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.

Еске сала кетейік, бұған дейін қатысады деп жоспарланған Қырғызстан, Әзербайжан және Пәкістан құрамалары түрлі себептермен бұл чемпионатқа келмеді.