Соғыстың әсері: Дубайдағы бесжұлдызды қонақүйлердің бағасы екі есе арзандады

Дубайдағы бесжұлдызды қонақүйлер халықаралық туристердің азаюына байланысты бағаны жаппай төмендетуге кірісті. Бұл жағдайға Таяу Шығыстағы қақтығыстың күшеюі мен туристер санының азаюы себеп болды. Кейбір люкс қонақүйлерде тұру құны тіпті 50%-дан көп төмендеген. Бұл туралы Kursiv.media Business Insider басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Туристер сапарларын кейінге қалдыруда
Аймақтағы демалысқа сұраныстың төмендеуі геосаяси шиеленіс пен халықаралық рейстердің қысқаруымен байланысты. Қазір кейбір әуекомпаниялар Дубайға рейстер санын азайты. Осының салдарынан премиум сегменттегі алдын-ала брондаулар кері қайтарылыған немесе уақыты кейінге шегерілген.
«Дубайдағы бесжұлдызды қонақүйлер аймақтағы шиеленіс пен туристік ағымның азаюына байланысты өз бағаларын екі есеге төмендетті. Бұл Таяу Шығыстағы индустрияның күн сайынғы табысының шамамен 600 млн долларға азаюына алып келеді», — деп жазады Business Insider.
Staycation-пакеттер – қонақүйлердің шығынын жабудың жолы
Туристік ағымның төмендеуін өтеу үшін қонақүйлер staycation-пакеттерін белсенді насихаттай бастады. Бұл – БАӘ тұрғындарына арналған арнайы демалыс пакеттері. Мұндай ұсыныстарға тұруға жеңілдіктер, қосымша қызметтер және қысқа демалыс турлары кіреді.
Сарапшылардың пікірінше, бұл стратегия халықаралық туризмнің төмендеуінен келетін шығындарды ішінара өтеуге және қымбат қонақүйлердің жүктемесін сақтауға мүмкіндік береді.
Еске салайық, 16 наурызда халықаралық Дубай әуежайында дрон жарылып, барлық ұшулар уақытша тоқтатылды. Жолаушылар мен қызметкерлер қауіпсіздігі үшін әкімшілік осындай шешім қабылдады.