Қытайдан Қазақстанға көшіп келушілер көбейді. Олар кімдер?

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Қазақстанға көбіне Қытай, Өзбекстан және Ресейден көшіп келеді / Коллаж: kursiv.media архиві

2025 жылы Қытайдан Қазақстанға тұрақты тұру үшін 2,6 мың адам көшіп келді. Бұл алдыңғы кезеңмен салыстырғанда 29%-ға көп және соңғы сегіз жылдағы ең жоғары көрсеткіш болып отыр, Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.

Қытай азаматтарының иммиграциясы екінші жыл қатарынан жоғары деңгейде сақталып отыр. Мәселен, 2021 жылы Қытайдан Қазақстанға келгендер саны ең төмен деңгейде болған (249 адам), содан кейін бұл көрсеткіш қатты өсті. Бұған дейін де келушілер саны осылай құбылып тұрған, еді. Мысалы, бұрынғы рекорд 3 мың адамға жеткен, бұл бірнеше жыл бойғы төмен көрсеткіштен кейінгі бірден өсім нәтижесі.

Дегенмен, соңғы 26 жылдағы деректерге қарағанда, қазіргі көрсеткіштер 2005–2010 жылдардағы деңгейден 50%-дан аз. Мәселен, 2008 жылы Қазақстанға тұрақты тұруға 6,3 мың Қытай азаматы келген, бұл қазіргі көрсеткіштен 2,4 есе көп.

Көшіп келгендердің көбі қазақтар

2025 жылы Қытайдан келгендердің 99%-ы қазақтар. Олардың 70%-ы Алматы және Жетісу облыстарына тұрақтаған, ал қалғаны бірден Астанаға қоныстанғанды жөн санаған. Бұл деректерге қарағанда, көптеген иммигранттар «қандас» мәртебесін рәсімдемей, өздері қалаған қалаларына қоныстанады. Себебі қандас мәртебесін алу үшін тек 8 облысқа қоныстану керек.

Қазақстанға келген басқа иммигранттар

2025 жылы Қазақстанға тұрақты тұру үшін барлығы 23,8 мың адам келген. Қытайдан басқа, негізгі ағым Өзбекстан (11,8 мың) және Ресей (4,7 мың) азаматтарынан байқалған. Өзбек иммигранттарының саны 2024 жылмен салыстырғанда аздап төмендеген, Ресей иммигранттарының саны керісінше 41%-ға азайған, бұл көрсеткіш 2021 жылғы минималды деңгейге сәйкес келеді.

Жалпы Қытай мен Өзбекстан бойынша оң миграциялық сальдо байқалса, Ресейде теріс сальдо тіркелген.

Айта кетейік, 2025 жылы атажұртқа 17 мыңға жуық қандас оралды. Қазақстанға келген қандастардың 44,5%-ы Өзбекстаннан, 44,1%  Қытай Халық Республикасынан, 4%-ы  Түрікменстаннан, 3%-ы  Моңғолиядан, 2,5%-ы  Ресейден және 1,9%-ы басқа елдерден келген.

Сондай-ақ оқыңыз