Нұрлан Сабуровтың әйелі Ресейдегі сусын мен темекі өнімдерін сататын бизнесін жапты

Жарияланды
General News бөлімінің аға тілшісі
Фото: instagram.com/saburova_diana

Танымал әзілкеш Нұрлан Сабуровтың жұбайы Ресейдегі бизнесін жаба бастады.

Mash Telegram арнасыдағы мәліметке сүйенсек, Сабуровтың әйелі Диана Сабурова «ДС Ритейл» компаниясының жұмысын тоқтатқан. Бұл компания 2025 жылы сусындар мен темекі өнімдерін саудалау үшін тіркелген.

«Соңғы 12 айда фирманың активтері 1 млн рубльге дейін өсті. Бірақ наурыздың басында Диана компанияны жабу туралы өтініш берді», – делінген жарияланымда.

БИР-Аналитик деректерінде көрсетілгендей, Диана Сабурова «ДС Ритейл» компаниясының жалғыз құрылтайшысы.

«Тоқтату процесі 16.03.2026 бастап жүргізілуде», – деп көрсетілген компания картасында.

РИА Новости басылымы атап өткендей, Сабурованың Ресейде әлі де жеке кәсіпкерлігі тіркелген, ол орындаушылық өнер саласында қызмет етеді. Жеке кәсіпкерлік 5 ақпанда тіркелген, яғни оның күйеуіне Ресейге кіруге тыйым салынғаннан кейін бірнеше күннен соң. Жеке кәсіпкер ретінде ол жарнама агенттіктері қызметімен айналысып, кейбір демалыс және ойын-сауық шараларын ұйымдастыра алады.

Сонымен бірге, Нұрлан Сабуровтың өзіне тиесілі «Сабр Продакшн» компаниясы Ресейде әлі де жұмыс істейді. Осы арқылы ол концерттер ұйымдастырып келген. Өткен жылдың соңында фирманың салық бойынша қарызы 18,5 мың рубльге (шамамен 96 мың теңге) жеткен.

Диана Сабурова жайлы не белгілі

Диана Сабурова (тегі Әбішева) 1991 жылы 30 сәуірде Екатеринбургте дүниеге келген. Мектеп бітірген соң ол С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетіне (Астана) оқуға түскен.

2010 жылдардың басында ол Нұрлан Сабуровпен отбасын құрады. Ерлі-зайыптылардың екі баласы бар – қызы Мадина және ұлы Тагир. 2014 жылы отбасы Мәскеуге көшіп, Сабуров Stand Up шоуына қатысу арқылы танымалдыққа ие болды.

2019 жылдан бастап Диана Instagram-да белсенді блог жүргізіп келеді, онда отбасылық өмір, аспаздық және жарнама тақырыптарын жариялап келеді.

Еске сала кетейік, комикті 6 ақпанда түні Дубайдан ұшып келгенде Мәскеудегі Внуково әуежайында Ресей Қауіпсіздік қызметі ұстаған болатын. Оған Ресейге кіруге тыйым салынғаны туралы хабарлама берілді. Өкім 30 қаңтардан бастап күшінде болған, бірақ Нұрлан бұл туралы тек ұшып келгенде ғана білген. Бірнеше сағаттан кейін Сабуров Алматыға ұшып кетті. Ол оралғаннан кейін Қазақстанда ресейлік әскерилерге мотоциклдерді беру туралы оқиғаға байланысты тексеру басталды

Сондай-ақ оқыңыз