Авто

Volkswagen қытайлық электрокроссоверге бәсекелес болатын моделін таныстырды

volkswagen id cross, volkswagen id, фольксваген айди, фольксваген id
Фото: Volkswagen

Volkswagen жаңа шағын ID. Cross электрокроссоверін таныстырды. Volkswagen ресми сайты камуфляждағы электрокроссовердің Амстердам көшелерінде жүргенін жариялады.

Қолжетімді баға

Жаңа модель 2026 жылғы күзде Еуропа нарығына шығады, ал бағасы 28 мың еуродан (шамамен 15,5 млн теңге) басталады. Бұл марка ең қолжетімді электрокроссоверлердің бірі болмақ.

Сондай-ақ, форматы барынша әмбебап, яғни шағын көлемді, бес орындық және күнделікті пайдалану үшін ыңғайлы.

Қарапайым дизайн

ID. Cross брендтің жаңа стилінде жасалған. Агрессиясыз, сенімді, дәстүрлі еуропалық стильде.

Салон да барынша қарапайым. Үлкен экрандар, түсінікті эргономика, ең бастысы ыңғайлылыққа басымдық берілген. Сонымен қатар, өндіруші материалдардың сапасы жоғары болатынын уәде беруде.

Фото: Volkswagen

Техникалық сипаттамасы

Сатып алушыларға бірнеше нұсқа бірден ұсынылады:

  • Қуаты 85-тен 155 кВт-қа дейін
  • Батареялары 37 немесе 52 кВт·сағ

Бұл қала ішінде ғана емес, қаладан тыс сапарларға да ыңғайлы әмбебап нұсқаны таңдауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, әр нұсқасына байланысты 90–105 кВт қуатпен жылдам зарядтауға болады.

Фото: Volkswagen

Қытай брендтеріне бәсеке бола ала ма

Еуропада арзан электрокроссоверлер нарығы әлі қалыптасып келеді, ал Volkswagen ID. Cross баға мен бренд арқасында негізгі модельге айналуы мүмкін. Алайда жаңа модель сол бағада кеңірек жабдықталған қытайлық брендтермен бәсекеге түсе ала ма?! Ол уақыт еншісінде.

Осыған дейін Volkswagen Transporter жаңартылған нұсқасы Sportline версиясын таныстырған еді.