Авто

Қытайда жаңа Zeekr 8X кроссовері 38 минутта сатылып кетті

Фото: IT-home

Қытайлық Zeekr бренді жаңа Zeekr 8X кроссоверіне алдын ала тапсырыс қабылдауды бастады. Сатып алушылар небәрі 38 минуттың ішінде жаңа модельге 10 мың тапсырыс беріп үлгерген. Бұл туралы Carnewschina басылымы хабарлады.

Аса қуатты отбасылық кроссовер

Бір қарағанда Zeekr 8X – кәдімгі үлкен отбасылық кроссовер сияқты көрінеді. Алайда шанақ астында нарықтағы ең қуатты гибридтік жүйелердің бірі жасырылған.

Zeekr 8X
Фото: Zeekr

Топтық нұсқасы үш электрқозғалтқышпен және бензин қозғалтқышымен жабдықталған. Олардың жалпы қуаты 1030 кВт-қа жетеді, бұл шамамен 1380 ат күші.

Ұзақ жолға арналған қуатты батарея

Гибридтік жүйе шамамен 70 кВт·сағ сыйымдылығы бар үлкен батареямен жабдықталған. Соның арқасында кроссовер тек электр қуатымен 250 шақырымнан артық жүре алады, ал жалпы жүріс қоры 1000 км-ден асады.

Фото: Zeekr

Жаңа Zeekr 8X қанша тұрады

Техникалық сипаттамаларына қарамастан, модельдің бағасы өз класындағы көліктермен салыстырғанда салыстырмалы түрде қолжетімді болып шықты.

НұсқаБағасыТеңгемен бағасы
Max$54,6 мың26,4 млн теңге
Ultra$57,5 мың27,8 млн теңге
Ultra+$64,8 мың31,3 млн теңге
8X Yaoying$74,9 мың36,2 млн теңге

Қытайда Zeekr 8X-ге сұраныс жоғары

Фото: Zeekr

Аталған модельдің қуаты ғана емес, оған нарықтың қызығушылығы да өте жоғары болып шықты. Оған дәлел, алдын ала тапсырыс ашылғаннан кейін небәрі 38 минут ішінде 10 мың өтінім түскен. Бағасы 50 мың доллардан асатын Zeekr 8X үшін Қытай нарығындағы бұл көрсеткіш аса жоғары деп бағаланады.

Осыған дейін қытайлық CheZhi платформасы 2025 жылдың IV тоқсанының қорытындысы бойынша кроссоверлердің сенімділік рейтингін жариялаған болатын. Рейтингбасында Xiaomi YU7 тұрса, екінші орынға гибридті Zeekr 9X (1,4 балл) жайғасты.