
Наурыз мейрамының онкүндігі аясында 18 наурыз – Ұлттық киім күні болып белгіленген. Бұл күн – бабалар мұрасын жаңғыртып, ұлттық болмысымызды айшықтайтын ерекше мереке. Осыған орай, еліміздің түкпір-түкпірінде, әсіресе Алматы қаласында мәдени іс-шаралар мен сән көрсетілімдері кең көлемде атап өтілмек.
18 наурыз: Мерекелік іс-шаралар кестесі
Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін бұл күні қызықты бағдарламалар өте көп:
• 10:00 – Мұрағаттағы мұра: Мемлекеттік архивте (Чуланов көшесі, 159) «Ұлттық киімді дәріптеу» атты көрсетілім өтеді. Мұнда тарихи жәдігерлер мен заманауи үлгілерді тамашалауға болады.
• 11:00 – Сән мен салт:
• Alatau Creative Hub орталығында «Этно-Fashion» көрсетілімі өтіп, ұлттық стильдегі жаңа топтамалар таныстырылады.
• Family Park саябағында және Әуезов ауданында «Үздік ұлттық образ» байқаулары ұйымдастырылып, ең үздік киінген қатысушылар анықталады.
• Райымбек даңғылы, 174 мекенжайында «Ұлттық сезім – киіммен» атты ерекше сән кеші өтеді.
• Мәдениет пен өнер:
• Әуезов және Бегалин атындағы кітапханаларда этно-фольклорлық кештер мен концерттік бағдарламалар ұйымдастырылады.
• Оқушылар сарайында Н. Сац атындағы театрдың спектакльдерінде қолданылатын сахналық костюмдердің көрмесі ашылады.
• Арбатта Жетісу ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен қолөнер шеберлерінің көрме-жәрмеңкесі өтеді.