
Елде Конституция күні өзгерді. Енді мереке 30 тамызда емес, 15 наурызда атап өтіледі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай мәлімдеді.
Вице-министрдің айтуынша, 1 шілдеден бастап жаңа Конституция күшіне енеді. Осыған байланысты 30 тамыз мереке күндері қатарынан алынып тасталады. Енді қосымша демалыс күні наурыз айына ауыстырылды.
Бұған дейін президент жаңа Конституцияны қабылдау туралы жарлыққа қол қойған болатын.