
Желіде «Алдар. Махаббат туралы аңыз» фильмінің алғашқы ресми тизері жарық көріп, қазақ киносүйер қауымын елең еткізді. Бар-жоғы бірнеше секундтық кадрлардың өзінен-ақ бұл біз үйренген ертегідегі Алдар емес, мүлдем басқа деңгейдегі, терең әрі драмалық бейне екенін аңғару қиын емес. Трейлердегі мистикалық атмосфера, сапалы визуал және әсерлі музыка туындының ауқымды екенін аңғартып тұр.
23 сәуірден бастап еліміздің барлық кинотеатрларында «Алдардың» жаңа хикаясы басталады.
