FlyArystan Дубай рейстерін 19 сәуірге дейін тоқтатты

FlyArystan Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстердің тоқтатылуын 19 сәуірге дейін ұзартатынын хабарлады.
Компанияның мәліметінше, шешім Таяу Шығыстағы тұрақсыз жағдай мен бірқатар елдегі шектеулерге байланысты қабылданған.
«Бұған дейін авиакомпания аталған бағыт бойынша рейстердің 2026 жылғы 31 наурызға дейін уақытша тоқтатылғанын хабарлаған болатын. Қазіргі жағдайда ұшуларды орындау мүмкін болмай отыр, осыған байланысты тоқтату мерзімі ұзартылды», – делінген компания хабарламасында.
Жолаушыларға билет құнын толық қайтару немесе сапарды кейінгі күнге тегін ауыстыру ұсынылады. Онлайн сатып алынған билеттерді сайт немесе қосымша арқылы өзгертуге болады.
Бұған дейін FlyArystan әуекомпаниясы Ақтау – Дубай – Ақтау бағыты бойынша рейстер кестесіне өзгерістер енгізілгенін хабарлаған.