Депутат жұманы ағарту күні етуді ұсынды

Жарияланды
BUSINESS NEWS БӨЛІМІНІҢ ТІЛШІСІ
В Центре экспертизы лекарств ответили на обвинения Базарбека о млрд хищениях
Фото: kursiv.media мұрағаты

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек мемлекеттік қызметшілер үшін аптаның әр жұмасын «ағарту күні» ретінде белгілеуді ұсынды.

Депутаттың айтуынша, жұма күні шенеуніктерді жұмыстан босатып, кітап оқуға мүмкіндік беру керек.

«Біз кітап оқитын ұлт емес, әлеуметтік желіде отыратын ұлтқа айналып бара жатырмыз. Менің жеке ұсынысым: жұма күнін «ағарту күні» деп белгілеу. Ол күні ешқандай құжаттама, тапсырма болмауы тиіс. Мемлекеттік қызметшілер кітапханаға барып, білімін арттырсын. Макиавелли мен Абайды оқыған мемлекеттік қызметші халықпен дұрыс жұмыс істей алады», – деді депутат.

Айта кетейік, бүгін мәжілісте «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» заң жобасы қаралды. Жаңа заң редакциясына сәйкес, мемлекеттік қызметкерлер үшін тағы бір жаңа ереже енгізілді.

Сондай-ақ оқыңыз