Жаңалықтар

Министрлік балық аулауға тыйым салынған орындарды жариялады

Қыста балық аулау ережесі
Фото: shutterstock

Ауыл шаруашылығы министрі белгілі бір мезімге балық және басқа да су жануарларын аулауға тыйым салатын бұйрық жариялады. Және оларды аулауға тыйым салатын орындар тізімін жариялады.

Шектеулер мен тыйымдар мына бассейндер бойынша енгізілді:

  • Арал-Сырдария бассейні
  • Балқаш-Алакөл бассейні
  • Зайсан-Ертіс бассейні
  • Есіл бассейні
  • Нұра-Сарысу бассейні
  • Тобыл-Торғай бассейні
  • Жайық-Каспий бассейні және Қиғаш өзені
  • Шу-Талас бассейні

Наурыз-маусым аралығы балықтардың уылдырық шашу кезеңімен сәйкес келгендіктен үш айға дейін шектеу қойылған. Кей орында шектеу мерзімі шілдеге дейін ұзартылды.

Балқаш–Алакөл бассейні

  • Балқаш көлінің батыс бөлігі – 15 сәуір – 1 маусым
  • Балқаш көлінің шығыс бөлігі – 25 сәуір – 10 маусым
  • Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендері – 15 сәуір – 1 маусым
  • Қапшағай су қоймасы – 5 сәуір – 20 мамыр
  • Алакөл, Сасықкөл, Қошқаркөл көлдері – 15 сәуір – 1 маусым
  • Іле өзені (Қапшағай ГЭС – 6-балық пункті) – 5 сәуір – 5 маусым
  • Іле өзенінің дельтасы – 15 сәуір – 1 маусым
  • Іле өзені (Шарыннан Қытай шекарасына дейін) – 25 наурыз – 5 шілде

Жыл бойы тыйым салынған учаскелер:

  • Іле өзенінің кейбір бөліктері
  • Іле дельтасы
  • Жалаңашкөл
  • Қаратал, Ақсу, Лепсі, Аягөз өзендерінің кейбір учаскелері

Арал–Сырдария бассейні:

  • Шардара су қоймасы – 21 мамыр – 31 наурыз
  • Түркістан облысы су айдындары – 1 маусым – 14 сәуір
  • Сырдария өзені (төменгі ағыс) – 31 мамыр – 31 наурыз
  • Кіші Арал теңізі – 11 маусым – 30 сәуір
  • Қызылорда облысы су айдындары – 11 маусым – 19 сәуір
  • Үлкен Арал теңізі (артемия жинау) – 1 тамыз – 31 наурыз
  • Сарышығанақ және Бутаков шығанақтары – 11 маусым – мұз ерігенге дейін