«Оқуын тастап, Мырқымбай үшін келді»: Жазираның келіні желіде қызу талқыға түсті

Жарияланды 18 Наурыз 2026 17:17

Рауан Мутаир

Рауан Мутаир

General News бөлімінің тілшісі rauan.mutairov01@gmail.com
фото: instagram

Қазақ эстрадасының үлгілі жұптарының бірі – Жанболат пен Жазираның ұлы Қазбек алғаш рет жары Асылымен қалай танысқанын ашық айтты. Алайда, жас жұбайлардың махаббат хикаясы желі қолданушыларының арасында екіұдай пікір туғызып, үлкен дауға ұласты.

Шетелдегі махаббат және елге оралу

«Revue» бағдарламасына берген сұхбатында Қазбек жарымен шетелде танысқанын жеткізді. Оның айтуынша, Асылы сол жақта білім алып жүрген көрінеді.

«Асылы шетелде оқып жүрген, танысу үшін арнайы шетелге барып таныстым. Қазіргі уақытта Асылы оқуын елімізде жалғастыратын болды. Біз ата-анамызбен бірге тұрамыз. Бөлек шығу немесе шетелге біржола кету деген ойымызда жоқ», – деді Қазбек.

«Қыздар, қателік жасамаңдар!»: Желі қолданушыларының наразылығы

Жас жігіттің бұл сөзі көпшіліктің, әсіресе қыз-келіншектердің ашуын келтірді. Оқырмандардың бірі шетелдегі болашағын отбасылық өмірге айырбастаған бойжеткеннің шешімін қатаң сынға алды:

«Өмір деген қызық-ай, бір Мырқымбай үшін шетелдегі оқуын тастап кеткені несі? Оның үстіне ата-енесімен бірге тұрады екен. Қыздар, өтінемін, мұндай қателік жасамаңдар!»

«Қазбек енді максимально поддержкасын беру керек, үйленуге көндірді, енді жас кеуінің ақылы керемет болу керек» деген сыңайлы пікірлер жазылып жатыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Жанболат пен Жазира ән шығарып, келіндерін алғаш рет бейнебаян арқылы көрсеткен еді.

Сондай-ақ оқыңыз