
Алматыда «КазТАГ» ақпарат агенттігінің иесі Әсет Матаев ұсталды. Бұл туралы ІІМ хабарлады.
Ведомство мәліметінше, Әсет Матаев жанындағы Р. есімді азаматпен 17 наурыз күні кешке көңіл көтеру орнынан шыққан. Жолда екі ер адаммен жанжалдасып, бір-бірін балағаттап, соңы төбелеске ұласқан.
«Полиция қызметкерлері оқиғаға қатысушылардың барлығын ұстап, полиция бөлімшесіне жеткізді. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Әрбір адамның іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі», – деп хабарлады полициядан.
Айта кетейік, бүгін белсенді Санжар Боқаев ұсталғаны да хабарланды. Бас прокуратура оны қылмыс ұйымдастырып, оны қаржыландырды деп айыптап отыр.