Экономика

Ресей мұнайына салынатын санцияның салқыны Қазақстанға тие ме

ЕуроОдақ Ресейге қарсы санциялар пакетін жариялайды/ Фото: shutterstock

Еурокомиссия 15 сәуірде Ресейге қарсы санкциялардың кезекті 20-шы пакетін бекітуді жоспарлап отыр. Бұл жолғы шектеулердің басты ерекшелігі — Ресей мұнайының импортына толықтай тыйым салу. Бұл қадам халықаралық экономикалық қатынастарға айтарлықтай өзгерістер енгізуі мүмкін.

Қазақстан үшін қауіп жоқ

Бұл мәселеге қатысты Еуропалық Одақтың санкциялар жөніндегі арнайы өкілі Дэвид О’Салливан ресми мәлімдеме жасады. Оның айтуынша, жаңа санциялардыі салқыны Қазақстанға тимейді.

ЕО өкілі Қазақстанның бұл жағдайда ешқандай шектеулерге ілінбейтініне сенім білдірді. Бұл еліміздің еуропалық серіктестермен экономикалық байланысын бұрынғы арнада жалғастыруға мүмкіндік береді.

Ресей мұнайына толық тыйым салынғанымен, Қазақстан өз өнімдерін халықаралық нарыққа шығаруды кедергісіз жалғастыра бермек.

Еурокомиссияның бұл шешімі өңірдегі геосаяси жағдайды ескере отырып, Қазақстан секілді стратегиялық серіктестердің мүддесіне нұқсан келтірмеуді көздейді.

Дэвид О’Салливанның сендіруінше, Еуропалық Одақ санкциялардың тиімділігін арттырумен қатар, үшінші елдермен, соның ішінде Қазақстанмен арадағы сауда-экономикалық қатынастардың тұрақтылығын сақтауға басымдық береді.

Еуропа Одағы Ресейге қарсы санкцияның 20-пакетін әзірлеуге былтыр қарашада кіріскен. Алайда ЕО-ның Ресейге қарсы санкцияларына Венгрия вето қойған.