Lifestyle

Рикки Мартин алғаш рет Алматыда концерт береді

Рики Мартин
Фото: REUTERS/Amit Dave, бильд-редактор: Милош Муратовский

Латын поп-музыкасының жарық жұлдызы әрі миллиондаған тыңдарманның кумирі Рикки Мартин алғаш рет Қазақстанға келеді.

Әлемдік деңгейдегі әнші гастрольдік туры аясында 18 шілде күні Алматы қаласындағы Спартак стадионында үлкен концерт бермек. Бұл кеште әнші өзінің шығармашылық жолындағы ең танымал әрі жалынды хиттерін паш етеді. Тыңдармандар Livin’ la Vida Loca және Maria сияқты әлемдік чарттарды бағындырған туындыларды, сондай-ақ She Bangs пен Nobody Wants to Be Lonely сияқты лирикалық әндерді жанды дауыста тыңдау мүмкіндігіне ие болады.

Билеттердің алдын ала сатылымы 19 наурыз күні сағат 11:00-де Freedom SuperApp қосымшасында басталады. Ал негізгі сатылым Наурыз мейрамымен тұспа-тұс келіп, 21 наурыз күні сағат 11:00-де Ticketon.kz сайтында ресми түрде ашылады.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматыда әзербайжандық әнші Роза Зергерли өнер көрсететінін жазған едік.