Жаңалықтар

Ринат Зайыт: Қайта депутат болуға зауқым жоқ

Ринат Зайытов
Фото: Асқар Ахметуллин; бильд-редактор: Ахтам Зиперов

Мәжіліс кулуарында депутат Ринат Зайытовтан алдағы уақытта қайта депутат болу жоспары бар-жоғы сұралды.

Депутат бұл мәселеге қатысты нақты жауап беріп, депутаттыққа ниеті жоқ екенін айтты.

«Сайлау науқанына байланысты басында айтқанмын. Өзімнің қалауым да, зауқым да жоқ. Жасыратыны жоқ, мен «Аманат» партиясының мүшесімін. Егер қандай да бір сайлау жағдайында менің күш-жігерім қажет болса, онда кетәрі емеспін», – деді Зайыт.

Журналистердің «Іштей үмітіңіз жоқ па?» деген сұрағына депутат «Қалауым жоқ. Басқа салаларда жұмыс істеп, пайдамызды тигізетін дүниелер көп» деп жауап берді.

Айта кетейік, елде парламент сайлауы күзге дейін яғни жаңа сессияның ашылуына дейін өткізіледі.