
Щучинскіде дәмханадағы жарылыстан зардап шеккендердің кейбірі әлі де ауыр жағдайда. Бұл туралы Ақмола облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Ведомство мәліметінше, бүгінде екі науқастың жағдайы әлі ауыр, ем алып жатыр. Оларға тәулік бойы медициналық көмек көрсетіледі.
Тағы бір науқас травматологиялық бөлімшеде, ал тағы біреуін үйіне қайтарды.
Бұған дейін тағы бес науқас медициналық авиация желісі арқылы Астанадағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығына жеткізілген еді.
Еске салайық, 27 ақпанға қараған түні Щучинск қаласындағы дәмханада газ баллоны жарылып, 11 адам қайтыс болды. Дәмхана иесі қамауға алынып, қылмыстық іс қозғалды.