
18-наурыз Ұлттық киімдер күні. Соңғы бірнеше жылдың жүзі қазақша, ұлттық киімдер тұрақты түрде трендке айналып келеді. Авторлық нұсқада жасалған, дизайнерлік киімдер қымбатырақ. Бірақ сапалы әрі қолжетімді нұсқалары да бар.
Бұған дейін Kursiv Media бағасы 100 мыңнан асатын, люкс сегмент деп саналатын брендтер туралы жазған еді. Динара Сәтжан, Аида Қауменова сән үйлеріндегі кейбір қазақша киімдер бағасы 165 мың теңгеге дейін жетеді.
Осы жолғы дәстүр бойынша Наурыз мерекесі қарсаңында бағасы қолжетімді, бірақ сапасы жақсы брендтер топтамасын ұсынамыз.
Moonshuaq этникалық дүкенінен блейзер мен шапандарды 50 мың теңгеге табуға болады. Толығымен мақтадан тігілген, әйел мен ер адамға да бірдей киюге болатын блейзерлер авторлық дизайнда жасалған.

Dastur Wear дүкенінен дәстүр мен заманауи стильді біріктірген жұп шапандар таба аласыз. Бағасы – 60-80 мың теңге аралығы. Бұдан бөлек ұлттық принттегі футболкалар бар, бағасы 12500 тг.
Қыздарға арналған сәнді «Қарлығаш» желеттері 25-28 мың теңге, ал ерлерге арналған бомберді 25-30 мың теңгеге табуға болады.
Qazaq.shapany дүкені тек қазақи шапандар ғана емес, этно стильдегі аяқ киімдерді де ұсынады.
Кашемир матадан тігілген, жиегіне өрнек түскен шапандар бағасы 65- 75 мың теңгеден басталады. Бойжеткендер үшін италиялық кашемир «Ою» жилеттері бар, бағасы – 25 000 тг.

Ару қыздарға арнап этно стильде көйлек пен белдемшелер ұсынатын бренд – Darideya. Бойжеткендерге арналған, зығыр матадан тігілген көйлектерді 30-40 мың теңгеден бастап табуға болады.
Классикалық стиль мен ұлттық нақышты қатар бейнелеген костюмдер бағасы 50 мың теңгеден басталады.

Бұл Қазақстанда пішіп, тігетін, авторлық принтте жасалған дүкендер топтамасы. Егер бұдан да төмен бағада іздесеңіз, маркетплейстерден табуға болады. Мәселен, Kaspi дүкенінде әйелдерге арналған қысқа шапанды 8 000 – 10 000 теңгеден табуға болады.
Ерлерге арналған сырма шапандар 10 – 15 мың теңгеден басталады.
Еске салайық, бүгін, 18 наурыз – Ұлттық киім күні белгіленген. Осы күні өтетін іс-шараларды мына жерден көре аласыздар.