Чемпиондар лигасының ширек финалистері анықталды

Чемпиондар лигасының 1/4 финалына жолдама алған сегіз үздік клуб белгілі болды.
Ширек финалдың алғашқы жұбында Мюнхендік «Бавария» мен Мадридтің «Реал Мадрид» клубы кездеседі. Бұл екі ұжым арасындағы ойын финалға татиды. Еуропалық классиканың алғашқы матчы 7 сәуірде Мадридте, ал қарымта ойын 15 сәуірде Мюнхенде өтеді.
Екінші жұпта Испанияның ішкі чемпионатындағы басты қарсыластар «Барселона» мен «Атлетико Мадрид» өзара кім мықтыны анықтайды. Каталониялықтар мен «матрасшылар» арасындағы тартыстың бірінші кезеңі 8 сәуірде Барселонада басталып, шешуші ойын 14 сәуірде Мадридте жалғасады.
Португалиялық «Спортинг» биылғы маусымның басты сенсациясына айналып, ширек финалда Лондонның «Арсеналына» қарсы тұрмақ. Бұл жұптың алғашқы кездесуі 7 сәуірде Лиссабонда, қарымта матчы 15 сәуірде Лондонда ұйымдастырылады.
Соңғы жұпта француздық «Пари Сен-Жермен» мен ағылшындық «Ливерпуль» кездеседі. Жұлдызды Париж клубы мен Слоут бастаған мерсисайдтықтардың алғашқы айқасы 8 сәуірде Парижде өтсе, жартылай финалға жолдама беретін соңғы шешім 14 сәуірде Ливерпульде қабылданады.

Жартылай финалға барар жол
Турнир кестесіне сәйкес, жартылай финалда «ПСЖ» мен «Ливерпуль» жұбының жеңімпазы «Реал» мен «Бавария» арасындағы үздік командамен кездеседі. Ал екінші жартылай финалда «Барселона» – «Атлетико» және «Спортинг» – «Арсенал» жұптарынан озып шыққандар өзара финалдық жолдаманы сарапқа салады.
Биылғы маусымның шешуші финалы 30 мамырда Будапешттегі зәулім «Пушкаш Арена» стадионында өтетін болады.
Еске сала кетейік, алматылық «Қайрат» биыл алғаш рет Чемпиондар лигасына қатысып «Қайрат» алғаш рет қатысып, «Реал Мадрид», «Арсенал» сияқты алпауыттармен ойнаған еді.