
Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандықтар қандай препаратты жиі сатып алатынын жариялады.
Сатылым бойынша бірінші орында этил спирті тұр – 4,1 млн дана таңбаланған өнім сатылған.
Екінші орында натрий хлориді – 2,1 млн дана.
Үздік үштікке қызу түсіретін парацетамол препараты кірді – 1,75 млн дана.
Таңбаланған дәрілік заттар арасындағы сатылым бойынша төртінші орында ацетилсалицил қышқылы, бестікті мұрын бітелуі кезінде қолданылатын тамыр тарылтқыш препарат нафазолин тұр.
«Сұранысқа ие препараттардың қатарында Цитрамон П бар – 1,23 миллионнан астам данасы сатылған. Сондай-ақ ТОП-10 тізіміне меновазин – 897 мың, тұмау мен суық тиюге қарсы ТераФлю, белсендірілген көмір – 636 мың және фурацилин – 623 мың сатылған дәрілік зат кірді», – делінген ақпаратта.

Айта кетейік, 2024 жылдың шілдесінен бастап елді барлық дәрілік затты міндетті цифрлық таңбалау енгізілген.