
Рамазанның аяқталуына және Ораза айт мерекесіне орай Пәкістан билігі Ауғанстанмен уақытша бітім жариялады.
Бейбіт келісім 19 наурыздан басталып 24 наурызға дейін жалғасады. Исламабад мұндай шешім қабылдауына Сауд Арабиясы, Катар және Түркия сияқты елдердің өтініші себеп болған деп жазады жергілікті БАҚ.
Ауған тарапы да әскери қимылдарын тоқтата тұратынын мәлімдеді. Билік өкілі Забихулла Муджахидтің сөзінше, бұған мұсылмандар үшін маңызды мерекенің бірі басталуы және жоғары айтқан елдердің араласуы себеп болған.
Ауғанстан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс осы жылдың ақпанында басталды. Наурызда Пәкістан әуе шабуылынан Кабулдағы жергілікті емханалардың бірі жарылып, 400-ден аса адам қайтыс болды.
СІМ Пәкістан мен Ауғанстан арасындағы қақтығыстан қайтыс болғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ екенін хабарлады. Ол елдердегі елшіліктерге де қазақ азаматтарынан еш өтініш түспеген.