Жаңалықтар

Қазақстанда қанша мектеп апаттық жағдайда тұр

Фото: kursiv.media мұрағаты

Елдегі 32 мектеп әлі де апатты жағдайда. Бұл туралы Оқу-ағарту вице-министрі Жайық Шарабасов мәлімдеді.

Оның айтуынша, елде 53 үш ауысымды мектеп және 32 апатты мектеп бар.

«Осы уақыт ішінде үш ауысымды мектептердің саны төрт есе, ал апатты мектептердің саны екі есе қысқарды. Қазіргі таңда елімізде 53 үш ауысымды және 32 апатты мектеп бар. Бұл жалпы мектептердің 1 пайыздан аз бөлігін құрайды», – деді вице-министр.

Бұған дейін 2026 жылы 50 мың орынға арналған 90 мектеп салынатыны хабарланған.

Министрлік мәліметінше, жаңа нысандар Арнайы мемлекеттік қор қаражаты, Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры, жергілікті бюджет қаражаты мен жеке инвестициялар тарту есебінен жүзеге асырылады.