
Ресейдің денсаулық сақтау министрлігі репродуктивті денсаулықты тексеру бойынша жаңа ұсынымдарды жаңартты.
Коммерсантъ ақпаратына қарағанда, енді сауалнама кезінде әйелдерден қазіргі өмір жағдайын ескере отырып, қанша бала қалайтыны сұралады. Егер «балалы болғым келмейді» деп жауап берсе, психолог кеңесі ұсынылады. Бұл шара аборттың алдын алу және ана болуға «оң көзқарас» қалыптастыру үшін енгізілген.
Жаңа ережелерде тексеру тәсілдері де өзгерді.
Жатыр мойны обырына тексеру енді әр 5 жыл сайын жоғары қауіптегі папиллома вирусына тест арқылы жүргізіледі. Жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға (ЖЖБИ) талдау жас әйелдер үшін тексерудің бірінші кезеңіне ауыстырылды.
Диспансеризация екі кезеңнен тұрады. Алдымен жалпы тексерулер, кейін қажет болса қосымша зерттеулер жүргізіледі.
Сарапшылар бұл бастамада қысым болмауы керегін айтады. Олардың пікірінше, балалы болу-болмау – әр әйелдің жеке таңдауы. Ал дәрігердің міндеті – тек ақпарат беріп, қолдау көрсету.
Мұның алдында мамандар «Баланың тілі неге кеш шығады? Бүгінгі заманда көбейіп кеткені рас па?» деген сұраққа жауап берген еді.