
Сенаттың жалпы отырысында ҚР Жоғарғы соттың судьясы Ерлан Қосмұратов қызметінен босатылды. Бұл туралы Сенаттың Конституциялық заңнама, сот жүйесі және құқық қорғау органдары комитетінің төрағасы Нұрлан Бекназаров мәлімдеді.
«Қазақстан Президентінің ұсынуы негізінде және Конституцияның 55-бабының 1-тармақшасына, «ҚР Сот жүйесі мен судьяларының мәрбесі туралы» Конституциялық заңына сәйкес, Парламент Сенатына Ерлан Қосмұратовты басқа лауазымға тағайындалуына байланысты Жоғарғы сотының судьясы қызметінен босату ұсынылды, – деді ол.
Сенаторлар ұсынысты қолдап, дауыс берді.
Айта кетейік, Ерлан Қосмұратов Жамбыл облыстық сотының төрағасы болып тағайындалған.