Питер Паркер қайта оралды: «Өрмекші-адам: Жаңа күн» трейлері шықты

Жарияланды 19 Наурыз 2026 17:42

Азамат Серікхан

Азамат Серікхан

General News бөлімінің аға тілшісі a.serikkhan@kursiv.media
Фото: Трейлер кадрынан үзінді

«Өрмекші адам: Жаңа күн» (Spider-Man) фильмінің алғашқы трейлері шықты. Питер Паркер рөлін бес жылдан кейін қайтадан Том Холланд сомдайтын болды.

Фильмнің режиссері –  Дестин Дэниел Креттон. Туындының премьерасы 31 шілдеге жоспарланған.

Фото: Трейлер кадрдан үзінді

Фильм оқиғалары «Өрмекші адам: Үйге жол жоқ» лентасынан кейін өрбиді. Сол оқиғалардан соң Доктор Стрэндж сиқыр жасап, нәтижесінде бүкіл әлем Питер Паркерді ұмытып қалады. Режиссердің айтуынша, жаңа фильмде оқиға әлдеқайда шытырман, әрі шынайырақ болады.

Трейлерде Өрмекші-адамға қала кілті табысталады, ал Питер Паркер толық жалғыздықта өмір сүріп, өзінің жеке мәселелерін шешуге тырысады. Сондай-ақ видеода ол Каратель кейіпкерімен кездеседі, ал Брюс Баннер адам бейнесінде көрінеді, яғни Халкқа айналмаған.

Сонымен қатар, жаңа фильмде Өрмекші-адам Скорпионмен кездеседі. Бұл кейіпкерді Майкл Мэндо сомдайды. Ол бұл зұлым рөлін алғаш рет 2017 жылғы «Өрмекші адам: Үйге жол жоқ» фильмінде эпизодтық түрде ойнаған болатын. Актер өз кейіпкеріне 9 жылдан кейін қайта оралды.

Сондай-ақ оқыңыз