Тоғыз өңірде жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу қойылады

Қазақстанның тоғыз өңірінде ауыр жүк көліктерінің қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі. 23 наурыздан бастап сәуір айына дейін республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында бір білікке түсетін салмақ 8 тоннадан аспауы тиіс. Бұл туралы Көлік министрлігі хабарлады.
Бұл шаралар жыл сайын көктемде қар еріп, су тасыған кезде жол негізінің босап, осал болуына байланысты қабылданады. Шектеулер асфальт жабындысын күтіп ұстап, сапасын сақтауға бағытталған.
Кімдерге және қай өңірлерде шектеу қойылады
23 наурыз бен 1 мамыр аралығында шектеулер солтүстік, шығыс және орталық өңірлеріне қатысты болмақ. Атап айтқанда:
- Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстары;
- Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар және Абай облыстары.
Аталған шектеу шаралыр бір оське түсетін жүктемесі 8 тоннадан асатын жүк көліктеріне қатысты болады.
Қыстан кейін тоң жібіп, жер босайды. Осы кезеңде жол жабыны әлсіз болады. Көп тонна жүк көліктері трассаларды бүлдіріп жібермеуі үшін олардың қозғалысы жол толық құрғағанға дейін шектеледі.
«Сонымен қатар, еліміздің оңтүстік және батыс өңірлерінде осыған ұқсас көктемгі шектеулер қазірдің өзінде енгізілді. Олар Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан, Жетісу және Ұлытау облыстарында 1 сәуірге дейін күшінде болады«, – делінген хабарламада.
Ведомство бұл шектеулер халықаралық тасымалдарға, жолаушылар көлігіне, сондай-ақ азық-түлік, дәрі-дәрмек және төтенше жағдайлардың жүктеріне қолданылмайтыны еске салды.