Әсет Матаев екі айға қамауға алынды

Жарияланды
полиция
Алматы полициясы ақпарат таратты/Фото: shutterstock.com

«ҚазТАГ» ақпараттық агенттігінің тең құрылтайшысы Әсет Матаев екі айға қамауға алынды. Бұл туралы Алматы қаласы полициясы хабарлады.

Полицияның хабарлауынша, 17 наурызда төрт адамның ортасында жанжал шыққан. Ер адамдардың арасындағы жанжал төбелеске ұласқаны айтылды.

«Төбелеске қатысы бар азаматтың бәрі анықталып, ұсталды. Сот оларға қатысты екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын таңдады», – делінген ақпаратта.

Бұған дейін Матаевтың Алматыда ұсталғаны хабарланды.

Сондай-ақ оқыңыз