
Актриса Айгүл Иманбаева бақытты болу құпиясын ашты. Айтуынша, ұдайы күліп жүрудің сыры – шүкіршілік пен қуана білу.
Оқырмандарының бірі актрисадан «Сіз ұдай күліп жүресіз? Оның құпиясы неде?» деп сауал тастаған.
«Күн шыққанда күліп оян» деген Күләш Ахметованың әдемі өлеңі бар. Шынымен де, күннің шыққанына да қуану керек. Ауа жұтсаң да қуану керек. Жалпы, өмір сүріп жатқаныңа қуанған сайын сізге құт қонады. Энергия, береке келеді. Мен мұның құпиясы осында шығар деп ойлаймын», – деді Айгүл Иманбаева.
Актриса өзінің әр нәрсе үшін қуана білетінін айтты. Сонда ғана адамның дені сау болып, ұзақ ғұмыр сүреді.
«Көп ақша келгенде, қуанышты сәтте ғана емес, күн шыққанға қуанып оянсаңыз, онда сіздің өміріңіз ұзақ болады. Күліп жүрудің құпиясы – әр нәрсеге қуана білу. Шүкіршілік ету», – деді актриса.
Айгүл Иманбаева мұның алдында анасының оны «ризығымен дүниеге келген қыз» деп атайтынын айтқан еді.