Аңызға айналған актер Чак Норрис қайтыс болды

Жарияланды 20 Наурыз 2026 20:58

Ақниет Төленді

Ақниет Төленді

​​General news бөлімінің тілшісі a.tolendi@kursiv.media
Chuck Norris
Аңызға айналған актер Чак Норрис қайтыс болды / Фото: Shutterstock

«Крутой Уокер» (Уокер, техастық рейнджер) атты культтік телехикаядағы рөлімен танымал американдық актер және жекпе-жек шебері Чак Норрис 86 жасында өмірден озды, деп хабарлады оның отбасы.

Өлімнің мән-жайы жарияланған жоқ. Жақындарының айтуынша, ол соңғы сәттерінде туыстарының ортасында болып, тыныш аттанған.

«Әлем үшін ол актер, жекпе-жек шебері және күш-қуаттың символы болды. Ал біз үшін – адал жар, сүйікті әке және ата, керемет бауыр және отбасымыздың жүрегі еді. Ол өз өмірін сенімге, тәртіпке және жақындарына қамқорлық жасауға арнады. Оның еңбегі мен адами қасиеттері бүкіл әлем бойынша миллиондаған адамға шабыт берді», – делінген отбасының әлеуметтік желілердегі ресми мәлімдемесінде.

Актердің отбасы сонымен қатар жанкүйерлеріне оның жақында ауруханаға жатқызылған кезінде көрсеткен қолдаулары үшін алғыс айтып, осы бір ауыр кезеңде өздерінің жеке кеңістігіне құрметпен қарауды сұрады.

Чак Норрис «Крутой Уокер» франшизасын қоса алғанда, көптеген фильмдер мен сериалдар арқылы танымал болды. Ол Брюс Лимен бірге «Айдаһар жолы» фильміне түскен және жекпе-жектің бірнеше түрінен, соның ішінде каратэ мен таэквондодан қара белбеу иегері болған. 1970–1980 жылдары ол «Октагон», «Үнсіздік кодексі» және «Отты дауыл» сияқты фильмдерге түсті.

Сондай-ақ оқыңыз