АҚШ пен Израиль шабуылы басталғалы бері Иранда 3100 адам қаза тапқан

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Иран қайтыс болған адамдар
фото: GETTY IMAGES

28 ақпанда АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы әуе шабуылы басталғалы бері Иранда 3186 адам қаза тапқан. Адам құқығы жөніндегі америкалық ақпарат агенттігі (HRANA) осындай мәлімдеме жасады.

Қайтыс болғандардың 1394-і қарапайым халық, оның ішінде 210 бала бар.

Тағы 1153 адам әскери құрбан деп саналған, ал 639 адамның тағдыры белгісіз.

Осы жылдың басында, қаңтарда болған Тегерандағы көтеріліс кезінде  2 мыңнан астам адам қаза тапқан еді. Кемінде 10 мыңнан аса адам ұсталған.

АҚШ пен Израиль 28 ақпанда Тегеранға қарсы әуе соққысын бастаған. Шабуыл жалғасып келе жатқанына 21 күн. Кеше ғана Трамп егер Иран қарсы шабуылын тоқтатпаса, елдің ең ірі ірі газ кен орнына шабуыл жасайтынын айтқан.

Ал Иран қарсы жауап ретінде АҚШ-тың әскери базалары орналасқан көрші елдерге зымырандарын жіберіп отыр. 19 наурызда 12 араб және мұсылман елі Иранды шабуылдарын тоқтатуға шақырды.

Сондай-ақ оқыңыз