Жаңалықтар

Балаңыз полиция тізіміне ілікпесін десеңіз: 22 мың ата-анаға айыппұл салынды

Полиция
Полиция/ Фото: Аскар Ахметуллин

2026 жылдың ақпан айының қорытындысы бойынша елімізде кәмелетке толмағандар жасаған қылмыс саны едәуір азайды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Бақылаудағы жасөспірімдер мен ата-аналар

Қазіргі таңда ішкі істер органдарының есебінде:

  • 2,9 мыңнан астам жасөспірім;
  • Бала тәрбиесіне немқұрайлы қараған 6 мыңнан астам ата-ана тұр.

Мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін 8 мыңға жуық қызметкер, соның ішінде учаскелік инспекторлар мен криминалдық полиция өкілдері жұмылдырылған.

Түнгі уақыттағы заң бұзушылықтар

Жыл басынан бері балаларының түнде үйден тыс жерде жүруіне жол берген 22 мыңнан астам заңды өкіл (ата-аналар мен қамқоршылар) жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ, жасөспірімдерді түнгі уақытта қабылдаған 685 кәсіпкерге айыппұл салынды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбеде анасын өлтіріп, 72 жастағы әжесіне пышақ салған жасөспірім ұсталған еді.