Наурыз көже индексі

Жарияланды
фото: gemini generated

Kursiv Media биылғы мереке қарсаңында еліміздің экономикалық ахуалын гастрономиялық тұрғыдан бағамдап, дәстүрлі «Наурыз көже индексін» жариялады.
Мерекелік дастарханның басты тағамы – наурыз көженің құнын есептеу үшін арнайы формула әзірлеген. Есептеулер «бір күндік ас емес, берекелі жиын» принципіне негізделіп, 10 адамға арналған көлеммен жүргізілді. Сарапшылар көженің құрамына міндетті түрде енуі тиіс 7 компонентті (ет, май, құрт, дәнді дақылдар, сүт өнімдері, су және тұз) негізге алған.

Мерекелік қазанның құны: Ең қымбаты не?


Kursiv Media-ның зерттеуі көрсеткендей, Наурыз көженің бағасын айқындайтын негізгі фактор ет өнімдері. 10 адамға арналған қазанға салынатын 1 кг жылқы еті (сүр ет) орта есеппен 7 399 теңге, ал оған қосылатын жарты келі сүрленген май тағы 2 160 теңге шығынды талап етеді. Осылайша, тек ет компонентінің өзі жалпы бюджеттің жартысынан астамын иемденіп отыр.
Дәмді ерекшелейтін құрт (150 гр) пен ақ майдың (180 гр) жиынтық бағасы 2 500 теңгеден асады. Ал тоқтықтың символы саналатын тары, бидай және жүгері сияқты дәнді дақылдардың «себеті» шамамен 1 600 теңгеге бағаланған. Осылайша Алматы қаласының наурыз көже бағасын анықтадық.

Өңірлердегі айрымашлық


Қазақстан картасындағы баға айырмашылығы таңғалдырарлық.
Батыстың басымдығы: Ең қымбат Наурыз көже дәстүрлі түрде Атырау облысында пісіріледі. Мұнда 10 адамдық дастархан жаю үшін 18 990 теңге қажет. Маңғыстау облысы да одан қалыс қалмайды 17 640 теңге.
Арзан әрі дәмді: Ең қолжетімді индекс Түркістан облысында тіркелді – бар болғаны 11 400 теңге. Бұл Атыраумен салыстырғанда 40%-ға арзан. Шымкент қаласы да 11 960 теңгемен ең тиімді өңірлер қатарында.
Мегаполистер айқасы: Елордалық мәртебе бағаға да әсер еткен: Астанада индекс 16 950 теңгені құраса, Алматыда бұл көрсеткіш біршама төмен – 14 563 теңге.

Сондай-ақ оқыңыз