Қазақстан Ақтаудағы ұшақ апатының қорытындысын ұсынуы тиіс – Қанат Бозымбаев

Қазақстан Ақтаудағы ұшақ апатының қорытындысын ұсынуы тиіс. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
Оның сөзіне қарағанда, құрылғыларды өндірушілердің, атап айтқанда, GPS треккерлерін, навигация құрылғыларын және әуекемесінің өндірушілері барлық қажетті сараптамалары алынды.
«Қазір қорытындысы жасалып жатыр. Ол комиссияға қатысушылармен келісіледі. Өздеріңіз білетіндей, комиссияға Әзірбайжанның, Қазақстанның және Ресейдің сарапшылар кіреді. Embraer компаниясының және халықаралық агенттіктің де өкілдері бар», – деді Қанат Бозымбаев.
Премьер-министрдің орынбасарының сөзінше, бірнеше айдың ішінде Қазақстан қорытындысын жариялауы керек. Бұл Azal ұшақ апаты бойынша техникалық жағына қатысты.
«Заңдық жағына келсек, біз Бас прокуратураны күтеміз. Ресей тарапынан да сауал күтіледі. Ресейдің қандай да бір құқыққорғау жүйесі тұжырым жасауы тиіс», – деді ол.
Қанат Бозымбаевтың сөзіне қарағанда, Көлік министрлігінің техникалық комиссиясы апат жайында техникалық қорытынды жасайды.
«Қашан оққа ұшты? Неге құлады? Себебі қандай? Қандай залал келді? Мұның бәрі егжей тегжейлі баяндалуы тиіс. Халықаралық авиациялық ұйымның регламентіне сәйкес, ресми баяндама жасалады», – деді Бозымбаев.
25 желтоқсанда AZAL әуе компаниясына тиесілі жолаушы ұшағының Ақтау қаласына жақын маңға құлағанына бір жыл толды. Әзербайжан ұшақ апатынан қаза тапқан 38 адамды еске алды.