Жаңалықтар

Қазақстан алдағы бірнеше айда Ақтаудағы ұшақ апатының қорытындысын ұсынады

фото: REUTERS
фото: REUTERS

Қазақстан Ақтаудағы ұшақ апатының қорытындысын алдағы бірнеше айда ұсынады. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді.

Оның сөзіне қарағанда, құрылғыларды, атап айтқанда, GPS треккерлерін, навигация құрылғыларын және әуекемесін өндірушілердің барлық қажетті сараптамалары алынды.

«Қазір қорытындысы жасалып жатыр. Ол комиссияға қатысушылармен келісіледі. Өздеріңіз білетіндей, комиссияға Әзербайжанның, Қазақстанның және Ресейдің сарапшылар кіреді. Embraer компаниясының және халықаралық агенттіктің де өкілдері бар», – деді Қанат Бозымбаев.

Премьер-министр орынбасарының сөзінше, бірнеше айдың ішінде Қазақстан тексеріс қорытындысын жариялауы керек. Бұл Azal ұшақ апаты бойынша техникалық жағына қатысты.

«Заңдық жағына келсек, біз Бас прокуратураны күтеміз. Ресей тарапынан да сауал күтіледі. Ресейдің қандай да бір құқыққорғау жүйесі тұжырым жасауы тиіс», – деді ол.  

Қанат Бозымбаевтың сөзіне қарағанда, Көлік министрлігінің техникалық комиссиясы апат жайында техникалық қорытынды жасайды.

«Қашан оққа ұшты? Неге құлады? Себебі қандай? Қандай залал келді? Мұның бәрі егжей-тегжейлі баяндалуы тиіс. Халықаралық авиациялық ұйымның регламентіне сәйкес, ресми баяндама жасалады», – деді Бозымбаев.  

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 25 желтоқсанда AZAL әуе компаниясының Бакуден Грозныйға ұшқан жолаушы ұшағы Ақтау қаласынан 3 шақырым жерге құлаған. Алдын ала мәлімет бойынша, бортында 67 адам бар ұшақты Грозный әуежайына қонуға беттеген сәтте Ресейдің «Панцирь-С» зымыран кешенімен атқылаған. Апат салдарынан 38 адам қаза тауып, 29 адам жараланды.