Жаңалықтар

Тоқаев Дархан Сатыбалдыға LRT жобасын жеделдетуді тапсырды

Токаев встретился с новым акимом Алматы Дарханом Сатыбалды
фото: коллаж Kursiv Media

Алматыға жұмыс сапарымен келген Тоқаев қала әкімі Дархан Сатыбалдыны қабылдады. Ол Алматы экономикасының өсімі, әлеуметтік ахуалы туралы есеп берді.

Қала әкімінің сөзінше, былтыр Алматы экономикасының өсімі 6,5% құраған. Ал осы жылы қаңтар-ақпан айында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 9,4%-ға жетті. Оған өнеркәсіп, құрылыс, көлік және сауда салалары жатады.

Алматының инвестициялық портфелі 2,8 трлн теңгеден асқан. Қазір «Алматы» индустриялық аймағы мен «Алатау» арнайы экономикалық аймағы жаңа жобаларды тарту үшін үшін жұмыс жүргізіп жатыр.

Дархан Сатыбалды туризм мен тау кластері саласындағы жаңалықтар туралы да айтты. Биыл Шымбұлақтағы инфрақұрылымды жаңғырту, іргелес шатқалдарға туристік орындар салу деген жұмыстар басталады. Сонымен қатар 2029 жылғы Қысқы Азия ойындарына дайындық шаралары да басталмақ.

Тау бөктеріндегі құрылысқа шектеу қойылады

Қала әкімі Дархан Сатыбалды Алматының Бас жоспарын түзету аяқталып қалғанын да айтты. Оған сәйкес қала ішіндегі орталық моделін дамыту, тау бөктеріндегі аумақта құрылысқа шектеу енгізілмек.

BRT желісін кеңейту, метро құрылысы және жаңа транспорттық шешімдерге баса назар аударылғанын да атап өтті.

Кездесу соңында Тоқаев Almaty AI Park жобасын жеделдету, сондай-ақ LRT және SkyTrain жүйелерін жандандыру бойынша тапсырма берді.

19 наурызда президент Алматыға жұмыс сапарымен келді. ҚазҰУ-ға барып, ғалымдар дайындап жатқан микроспутник пен суперкомпьютер кластерін аралап көрді