Жаңалықтар

Volvo EX30 жаңартылып, арзан бағамен сатыла бастады

Volvo EX30 / фото: carnewschina.com
Volvo EX30 / фото: carnewschina.com

2026 жылы Қытайда Volvo EX30 жаңартылып, арзандау бастапқы бағамен ұсынылды.

Сarnewschina ақпаратына қарағанда, бұл шешім батареяларға қатысты кері қайтарудан кейін қабылданды.

Geely компаниясына қарасты Volvo Қытай нарығында EX30 моделінің жаңартылған нұсқасын таныстырды. Көлік үш комплектацияда қолжетімді.  Бағасы уақытша ұсыныс бойынша 23 200 доллардан 30 400 долларға дейін.

2026 жылдың ақпанында Volvo батареяның қызып кету қаупіне байланысты әлем бойынша 40 мыңнан астам EX30 көлігін кері қайтарған еді.

Бұл ақау өрт қаупін тудыруы мүмкін болған. Ал Қытайда өндірілген EX30 2025 жылдың мамырында шамамен 27 800 доллардан сатылған.

Бағалары

RWD Plus – 23 200 АҚШ доллары.

RWD Long Range Ultra – 27 500 АҚШ доллары.

AWD Performance Ultra – 30 400 АҚШ доллары шамасында.

Жаңартылған нұсқада RWD Plus базалық модель ретінде енгізілді. Ол бұрынғы RWD Core орнына келді және бірқатар жаңартулар алды. Жүргізушіге көмек жүйесі (Pilot Assist), қауіпсіздік радарлары, электрлі багажник, панорамалық шатыр, сымсыз қуаттау, электрлі орындықтар және Harman Kardon аудиожүйесі. Соған қарамастан, жүріс қоры өзгермей, 410 шақырым күйінде қалды.

Негізгі сипаттамалары

Артқы жетекті (RWD): 200 кВт (268 а.к.)

RWD Plus: 0–100 км/сағ – 5,7 сек, жүріс қоры 410 км

Long Range Ultra: 590 км, 0–100 км/сағ – 5,3 сек

AWD Performance Ultra: 315 кВт (422 а.к.), 0–100 км/сағ – 3,6 сек, жүріс қоры 540 км

Сонымен қатар, Geely компаниясы батарея жеткізушісі Sunwoda-ға қарсы өрт қаупіне байланысты сотқа талап қойып, кейін 608 млн юаньға келісімге келген.

Жаңартылған модельде батареялар да өзгерген. Базалық RWD Plus нұсқасында Rept Battero литий-темір-фосфат батареялары қолданылса, ал басқа нұсқаларда Sunwoda-ның үш компонентті литий батареялары пайдаланылады. Бұл батарея қауіпсіздігі мәселелері шешілгенін көрсетеді.

Айта кететін жайт, Қытайда әлемдегі ең ірі автокөлік қауіпсіздігін тестілеу орталығы ашылды.