
Заңгер Мейірман Шөкеев жауынгер Шавкат Рахмоновтың бұрынғы әйелі Гүлайым Рахмоноваға араша түсіп, халықты оған қатысты теріс пікір жазбауға шақырды.
«Сұмдық-ай, Шавкаттың жұбайының кешегі әлеуметтік жазбасынан кейін кейбіреулер оның әрекетін қылмыстық жауапкершіліктен сытылып кетудің стратегиялық қадамы деп бағалап жатыр. Алайда басына соншама қайғы түскен Гулайымның ондай әрекетті жасамақ түгілі, оны ойлауға да мұршасы жоқ. Туған апайынан айырылып, автокөлігінде 20 млн теңгесін біреулер алып кеткен жағдайдың өзі – үлкен соққы», – деді заңгер.
Ол ешқандай «стратегия» заңда көзделген санкцияларды өзгерте алмайтынын айтты. Сондықтан даурығып, Гүлайымның жаралы көңіліне салмай салмауға, керісінше қолдау көрсетуге шақырды.
«Өз басым әр отбасыға тек тілекшімін. Диванда жатып бір бірімізді сынағанша, бір бірімізге демеу болайық», – деді заңгер.
Айта кетейік осыған дейін Гүлайым Рахмонова бұрынғы күйеуі, UFC жауынгері Шавкат Рахмоновқа қатысты мәлімдеме жасады. Ол ажырасқаннан кейін балалардың өзімен қалғанын айтып, олардың әкесі балалардың тәрбиесіне араласудан бас тартқанын меңзеді.