Жаңалықтар

Жамбылда аурухананың бас дәрігері 49 млн ұрлады деген күдікке ілінді

доллар мен теңге
Жамбылда аурухананың бас дәрігері 49 млн ұрлады деген күдікке ілінді / фото: shutterstock

Жамбыл облысында Көпбейінді орталық аудандық аурухананың бұрынғы бас дәрігері бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде. Бұл ақпаратты аймақтық прокуратура растады.

Қаржылық заңсыздықтарды қадағалау органы клиника жұмысын тексеру барысында анықтаған.

«Бұрынғы бас дәрігер бухгалтерлермен бірлесіп, 2023 жылдың ақпаны мен 2024 жылдың наурызы аралығында жалпы сомасы 49 млн теңге бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды. Олар бұл заңсыз әрекеттерді қызметкерлерге жоғары жалақы аударып, кейін ол ақшаны қолма-қол қайтарып алу, сондай-ақ іс жүзінде орындалмаған жұмыстар үшін үшінші тұлғаларға, соның ішінде жеке кәсіпкерлерге негізсіз аударымдар жасау арқылы жүзеге асырған», – делінген хабарламада.

Прокуратура тексеруден кейін аурухана басшылығы мен бухгалтерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Қазіргі уақытта бұл фактіні Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аймақтық департаменті тергеп жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы бас дәрігердің 2025 жылдың қыркүйегінде бір айдан астам уақыт бойы жұмыс орнынан себепсіз қызметінен босатылғанын хабарлады.