Жыл басынан бері республикалық бюджетке 3,6 трлн теңге түскен

Республикалық бюджетке жыл басынан бері 3,6 трлн теңге салық түскен. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 900 млрд теңгеге артық. Бұл туралы Мәжіліс кулуарында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов айтты.
«Соның ішінде 1,8 трлн теңгесін қосылған құн салығы құрайды. Оның 1 трлн теңгесі отандық компаниялардан түссе, 800 млрд теңгесі – импортқа салынған ҚҚС» ,- деді ол.
Сонымен қатар жаңа Салық кодексінің қабылдануына қарамастан, ұлттық компаниялар үшін салықтық шегерімдерге рұқсат берілгені туралы тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
«Вице-министр бұл мәліметтің шындыққа жанаспайтынын атап өтті. «Бұл жаңсақ пікір. Заң баршаға ортақ, сондықтан субъектілерге, оның ішінде квазимемлекеттік немесе мемлекеттік секторға қатысты ешқандай жеңілдіктер қарастырылмаған. Біз барлық тараптармен бірдей құқықтық алаңда жұмыс істейміз», — деп мәлімдеді ол.
2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда қосылған құн салығының (ҚҚС) мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін көтерілді.