
Бағжан Октябрь жақында «Сыр» жобасында қонақта болды. Подкастта өзінің бойдақ өмірі, қандай қыздарға үйленгісі келетіні жайлы ойын бөлісті.
Музыканттың сөзінше, болашақ жарының өзімен жасты болғанын қалайды
«Басында ойлайтынмын, жасы 22-дегі немесе 19-дағы қыздармен сөйлесу көру керек шығар деп. Отызға келіп қалдым, жанында әдемі, жас қыздар болғаны жақсы ғой. Бірақ соңғы кезде өзімнің қатарым болғаны дұрыс сияқты деп түйдім», – дейді ол.
Өзінен үлкен жастағы қыздармен де кездесіп көрген, бірақ сәтсіз болғанға ұқсайды.
«Бірақ мен жүрген қыздардың барлығы менен үлкен болған. Кішкентайлармен болмады, үлкендермен сәтті болар деп ойлап қалғанмын ғой», – дейді Бағжан Октябрь
Бағжан Октябрь – инструменталды музыка, неоклассика жанрында өнер көрсететін виолончелист. Былтыр күзде ол «Дарын» сыйлығын иеленген еді.