
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ («ЕРДО») және «Бірінші кредиттік бюро» ЖШС басшылығына қатысты тергеуді аяқталды. Қаржы мониторинг оларды лауазымдық өкілеттігін теріс пайдаланған және пара алған деп айыптап отыр.
Тергеу материалдарына сәйкес, осыдан алты жыл бұрын «ЕРДО» басшысы Дәулет Арғындықов БКБ директоры Руслан Омаровпен заңсыз келісіп жасасып, қосымша 5% табыс алуға мүмкіндік берген.
«Егер Мемлекеттік кредиттік бюро көрсетілген қызметтердің жалпы көлемінен 30% табыс алса, Бірінші кредиттік бюро бұрынғы 30%-дың орнына 35%-ға дейін табыс ала бастаған. Осылайша, Еңбек ресурстарын дамыту орталығының үлесі 70%-дан 65%-ға дейін төмендеген«, – деп түсіндіреді құзырлы органдар.
2025 жылы Еңбек ресурстарын дамыту орталығының президенті болып Ақмәди Сарбасов тағайындалғаннан кейін де Бірінші кредиттік бюроның пайдасына көзделген бұл тең емес шарттар сақталып қала берген.
2 млрд зиян келтірді
Тергеу барысында Бірінші кредиттік бюроға өзге бәсекелестеріне қарағанда заңсыз басымдық берген арнайы схема анықталды.
Бірінші кредиттік бюро үшін ашықтық. Аргандыков пен Омаровтың келісімі бойынша, Еңбек ресурстарын дамыту орталығы мен Бірінші кредиттік бюро арасындағы ақпарат алмасу жүйесіне арнайы сервис орнатылған. Бұл сервис сұраныстарды өте жылдам өңдеп, мәліметтерді кедергісіз алуға мүмкіндік берген. Яғни, олар үшін ақпарат тасжолы ашық болған.
Мемлекеттік кредиттік бюро үшін кедергілер. Ал Мемлекеттік кредиттік бюромен арадағы жүйеге, керісінше, арнайы зиянды бағдарлама енгізілген. Ол бағдарлама сұраныстарды өңдеуді әдейі баяулатып, жұмысты тежеп отырған.
Яғни бір тарапқа мәліметтерді жылдам алу үшін толық жағдай жасалса, екінші тараптың жұмысын жүйелі түрде баяулатып отырған.
Осының салдарынан Еңбек ресурстарын дамыту орталығына яғни мемлекетке 2 млрд теңгеден аса зиян келген.
Ал заңсыз келісім-шартты бұзбағаны үшін Арғандықов пен Омаров Ақмәди Сарбасовқа 75 мың доллар сыйақы берген.
Қазір іске қатысы бар үш тұлға ұсталды. Олардың 1 млрд теңгеден астам сомаға бағаланатын жылжымалы және жылжымайтын мүлкіне, сондай-ақ бағалы қағаздарына тыйым салынды.
«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» – жеке тұлғалардың табыстары туралы деректердің бірыңғай мемлекеттік операторы. Бұл мәліметтер қарыз алушылардың төлем қабілетін бағалау кезінде кредиттік бюролар мен қаржы ұйымдары үшін аса маңызды және оның баламалы заңды көзі жоқ.