Оңтүстік Кореядағы зауыттан өрт шығып, он адам қайтыс болды

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Оңтүстік Корея зауыт
фото: Yonhap

Оңтүстік Кореяның Тэджон қаласындағы авто бөлшектерін шығараны зауытта өрт шықты. Нәтижесінде он адам қайтыс болды, тағы 59 адам жарақат алды. Тағы төртеуі із-түссіз жоғалды деп жазады Yonhap агенттігі.

Өрт 20 наурызда шыққан, ол кезде зауытта 170 адам болған. Оқиға орнына келген құтқарушылар ғимарат қирауы мүмкін деген қатерден бірден өрт сөндіруге кірісе алмаған. Тек үш-төрт сағаттан кейін ғана іздеу жұмыстарын бастай алған және әлі де жалғасып жатыр.

Қазір құқық қорғау органдары құрбандардың жеке басын анықтау үшін сараптама жүргізді. Бірақ өрттің не себепті болғаны белгісіз.

Тэджон қаласындағы Тэдок-гу (Daedeok-gu) ауданы – ірі ғылыми-өндірістік кластер орналасқан аймақ. Мұнда көптеген өндіріс кәсіпорындары шоғырланған. Натрий, атап айтқанда, натрий-ионды батареялар шығаруда қолданылады. Ғимарат ішіндегі заттың мөлшерін ескерсек, бұл аккумулятор өндірісіне қатысы бар зауыт болуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз