
Түркістанда бес күнге созылған көкпардан әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы финалған шыққан Өзбекстанды 9:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанды.
Халықаралық дода 17 наурызда Түркістанда жаңа салынған ипподромда басталған еді. Дүбірлі додаға Ауғанстан, Қытай, Мажарстан, Моңғолия, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркия және Қазақстан құрамалары қатысты.
Чемпионаттың жалпы жүлде қоры – 30 млн теңге. Жарысты ұйымдастыруға Дүниежүзілік Көкпар қауымдастығы, Қазақстан Республикасының Көкпар федерациясы, Ұлттық және ат спорты орталығы және Түркістан облысы әкімдігі бірлесіп атсалысты.
Соңғы рет көкпардан әлем чемпионаты соңғы рет 2017 жылы өткен еді.