Қуандық Рахымның анасы өмірден өтті

Жарияланды
​​General news бөлімінің редакторы
Қуандық Рахым анасымен
фото: инстаграм парақшасынан

Танымал әнші Қуандық Рахымның анасы өмірден өтті. Бұл туралы әншінің өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жазған.

«Жаның жәннатта шалқысын, анашым! Шын мәнінде біз Аллаға тәнбіз, әрі Оған қайтушымыз», – деп жазды ол өміріндегі қайғылы жағдай туралы.

Оқырмандары әншіге көңіл айтып, қиын шақта жылы сөзімен қолдау білдіріп жатыр.

1992 жылы Сәтбаев қаласында туған Қуандық Рахым – қазақ эстрадасындағы танымал әнші. Өнерпаздық қабілет анасынан дарығанын айтқан. Ол Тәттімбет атындағы колледж бен Құрманғазы атындағы консерваторияда білім алып, домбыра, күйсандық және қылқобыз аспаптарын шебер меңгерді.

Әншінің бағы «МузАрт Live» жобасынан кейін жанды. Тыңдарман қауым оны «Лаула», «Мен Қазақпын», «Оп-Оңай» және «Сегізінші кереметім» сияқты туындылары арқылы жақсы таниды. Сондай-ақ оның репертуарындағы «Естелік», «Тәтті махаббатым», «Жай ма?» әндері де халық арасында кеңінен таралған.

Осыған дейін, 16 наурызда, әнші Қанайдың анасы да өмірден озғанын жазғанбыз.

Сондай-ақ оқыңыз